«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Францияның SPOT (Systeme Probatoire d'Observation de la Terre) Жер ресурстарын зерттеудің ғарыштық жүйесі 1986 жылдан бері белсенді жұмыс істейді.

2012 жылдың 9-қыркүйегінде SPOT-6 ғарыштық аппараты Үндістанның Сатиш Дхаван атындағы космодромынан PSLV зымыранымен күн-синхрондық орбитасына шығарылды. SPOT-4 және SPOT-5 жер серіктеріне қарағанда SPOT-6 жер серігінің мүмкіндіктері жоғары, ол панхроматиялық тәртіптемеде анықтығы 1,5 метрге дейінгі, көп спектрлік тәртіптемеде анықтығы 6 метрге дейінгі түсірімдер жасауға мүмкіндік береді. SPOT-6 және SPOT-7 жер серіктері сипаттамалары бірдей оптикалық ғарыштық апараттар, олардың түсірім жолағының ені 60 км. SPOT-7 жер серігі орбитаға 2014 жылдың 30-маусымында шығарылды. SPOT-6 және SPOT-7 жер серіктерінің әрқайсысы күн сайын ауданы 3 млн. км2 аумақты суретке түсіре алады. Жаңа буынның SPOT ғарыштық аппараттары Pleiades ғарыштық аппаратымен бірыңғай жүйе құрайды. Бұл тапсырыс берушілерге SPOT жер серіктерінің көмегімен бір аумақтың анықтығы жоғары суреттерін күніне 2 рет және Pleiades аппаратының көмегімен анықтығы аса жоғары суреттерін алуға мүмкіндік береді. Операторы Airbus Defence and Space компаниясы (Франция).

Техникалық сипаттамалары

Тәртіптемелер Панхроматиялық Көп спектрлік
Спектрлік диапазон, мкм 0,45–0,75 көк: 0,45–0,52
жасыл: 0,53–0,60
қызыл: 0,62–0,69
жақын ИҚ: 0,76–0,89
Кеңістіктік анықтығы, м 1,5 6,0
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель 12
Түсірім жолағының ені, км 60
Түсірімнің өнімділігі, млн.км2 / тәулік  тәулігіне 750 түсірімге дейін
Түсірімнің кезеңділігі, тәулік  1-3 (бір жер серігі үшін);
1 (Spot-6 және Spot-7 жер серіктерінің тобы үшін)
Стереожұп алу мүмкіндігі  Бір айналымда

 

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56