«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Табиғатты қорғау саласындағы және экологиялық жобалауТабиғи экологиялық жүйелердің және қоршаған ортаның жағдайын кешенді зерттеулер

Табиғи экологиялық жүйелердің және қоршаған ортаның жағдайын кешенді зерттеулер

Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі түрлі мәселелерді шешу үшін қоршаған табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің жағдайын кешенді зерттеулер жүргізу:

  • құрлықтағы және теңіздегі экологиялық жүйелердің жағдайына және биологиялық алуан түрлілігіне мониторинг жүргізу;
  • экологиялық, оның ішінде далалық зерттеулер, табиғи кешендердің тұтастай және олардың құрамдас бөліктерінің (ландшафттарының, экожүйелерінің, топырағының, өсімдіктерінің) қазіргі жағдайын тақырыптық карталарға түсіру, олардың негізінде бағалау және болжамдық-ұсыныстық картографиялық модельдер дайындау (экожүйелердің экологиялық сезімталдығының және биологиялық алуан түрлілігінің, жерлердің антропогендік бүлінуінің, алқаптардың өнімділігінің карталары);
  • биологиялық алуан түрлілікті сақтау бағдарламалары мен жоспарларын дайындау, оларды өнеркәсіптік нысандардың аумағында және олардың әсер аймағында іске асыру;
  • қоршаған ортаның түрлі құрамдас бөліктерінің антропогендік ластануын бағалау және талдау.
     

Толығырақ

Жаратылыстану ғылымдарының түрлі салалары (зоология, ботаника, топырақтану, ландшафттану) мамандарының болуы біздің Компанияға кешенді далалық зерттеулерді жедел және сапалы жүргізуге және алынған материалдарды талдауға мүмкіндік береді. Далалық (теңізде, құрлықта) зерттеулер кезінде Компанияның өз заманауи жабдықтары және зертханасы пайдаланылады.

Кешенді зерттеулерге қоршаған ортаның келесі құрамдас бөліктерінің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау кіреді::

  • атмосфералық ауа;
  • жер бетіндегі және жер астындағы сулар;
  • жер ресурстары және топырақтар, су астындағы түзілімдер;
  • өсімдіктер (судағы және құрлықтағы);
  • жануарлар, оның ішінде гидробионттар (фитопланктон, зоопланктон, бентос);
  • әлеуметтік-экономикалық орта.

Компания 2015 жылы «Консорциум ISKER» ЖШС-мен бірлескен жобаның аясында Бүкіләлемдік банктің «Қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді басқару жүйесі» жаңа халықаралық стандартын жасады және енгізді. Осы стандартқа сәйкес «Теңізшевройл» ЖШС аумағында қоршаған ортаның барлық құрамдас бөліктерінің сапасын тікелей жұмыстар орнында бақылау жүргізілуде.

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56