«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Табиғатты қорғау саласындағы және экологиялық жобалау

Табиғатты қорғау саласындағы және экологиялық жобалау

Компания ұжымында жаратылыстану ғылымы бағытындағы, оның ішінде ғылыми атақтары бар тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олардың Қазақстанның және басқа мемлекеттердің ғылыми институттары мен зертханаларында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жинақтаған мол тәжірибесі жобаларды дайындау кезінде еліміздегі табиғи жағдайлардың сан-алуандығы мен заңдылықтарын ескеруге мүмкіндік береді. Біз тәжірибелі ГАЖ мамандарының және ғарыштан түсірілген анықтығы аса жоғары суреттердің көмегімен картографиялық жұмыстарды ең жоғары деңгейде орындай аламыз.

Біз жұмыстарға тек сол аумаққа барып, онымен жан-жақты танысқан соң және барлық қажетті ғылыми әдебиеттер мен ішкі құжаттарды міндетті түрде зерттеп кірісеміз. Біздің міндетіміз жергілікті мамандардың сұраныстары мен ұсыныстарын түсінуге және ескеруге тырысу.

Біз барлық жұмыстарды жер және табиғатты қорғау саласындағы Заңдардың, Кодекстердің, нормативтік құқықтық құжаттардың нормалары мен ережелеріне есепке ала отырып жүргіземіз. 
 

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56