Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі.
ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.
«Terra Exploration» ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау, топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру тәжірибесі мол.
«Terra Exploration» ЖШС өз жұмыстарында географиялық ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада келесі қызметтер көрсетеді:
- географиялық ақпараттық жүйелерді жеке деңгейден корпоративтік деңгейге дейін дайындау;
- ArcGIS бағдарламалық өнімдерінің негізінде модульдер мен қосымшалар дайындау (деректерді басқару, талдау, модельдеу);
- сандық картография, географиялық деректер қорын құру;
- кеңістіктік деректерді географиялық өңдеу және талдау;
- дайындалған географиялық ақпараттық жүйелерді, модульдер мен қосымшаларды техникалық қолдау;
- тапсырыс берушінің қызметкерлерін орындалатын жобаның шеңберінде ГАЖ-ды пайдалануға үйрету.
ГАЖ құру үшін базалық ақпарат ретінде кеңістіктік анықтықтары әртүрлі суреттер түсіретін ең заманауи ғарыштық аппараттардан алынған Жерді қашықтан зондылау деректері пайдаланылады.
Компания қызметінің болашағы зор бағыттарының бірі географиялық порталдар дайындау. Географиялық портал жасаудың негізгі мақсаты – географиялық ақпаратқа WEB-сервистер арқылы қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну. Компания пайдаланатын географиялық ақпараттық технологиялар географиялық порталдардың қызметтік және пайдаланушылық мүмкіндіктерін үнемі арттырып отыруды қамтамасыз етеді.
«Terra Exploration» ЖШС ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары, орманды орналастыру материалдары, шоқ қарағай ормандарын, сексеуіл тоғайларын қалпына келтірумен байланысты шаралардың жұмыс жоспарлары сияқты тақырыптары әртүрлі корпоративтік географиялық ақпараттық жүйелер құру тәжірибесі мол. Компанияның біліктілігі жоғары мамандары мен ГАЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі сапасы жоғары географиялық ақпараттық шешімдерді қамтамасыз етеді және кез-келген күрделі географиялық ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға, тапсырыс берушінің кез-келген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.