«Terra Exploration» ЖШС қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының геологиясы саласында келесі негізгі бағыттар бойынша қызметтер көрсетеді:
- Қатты пайдалы қазбалар геологиясы саласындағы жобалау;
- Геологиялық құрылымдарды дешифрлеу;
- Тау жыныстарының литологиялық және петрографиялық сорттарын жіктеу әдістерімен және минералды индекстермен бөлу;
- Эталондық объектілер бойынша кенді аймақтарды немесе метасоматоз аймақтарын таңдау;
- Жылу ауытқуларының карталарын құру және т. б;
- Қатты пайдалы қазбаларға перспективалы учаскелерді бөлу мақсатында Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қор материалдары мен деректерін талдау;
- Бұрғылау жұмыстарын геологиялық сүйемелдеу;
- Жер қойнауын пайдалану және тау-кен өнеркәсібі саласындағы инжинирингтік қызметтер және сараптамалық жұмыстар.
Геология департаментінің мамандары картографиялық материалдарды жасау кезінде ГАЖ мамандарымен және қашықтан зондылау деректерін өңдеу бойынша мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Соңғы кезде Жерді қашықтан зондылау материалдарына негізделген геологиялық зерттеулер барынша өзекті болуда. Жерді қашықтан зондылауға пайдаланылатын көптеген жер серіктерінің ішінде геологиялық құрылымдарды зерттеу үшін келесі ғарыштық аппараттар пайдаланылады: Landsat 7, Landsat 8, Terra/Aster, WorldView-3 .
Геологиялық мәселелерді шешу үшін ғарыштан түсірілген суреттерді пайдалану олардың келесі қасиеттеріне байланысты:
Шынайылық. Ғарыштан түсірілген әрбір сурет белгілі бір жердің түсіру сәтіндегі жағдайын шынайы көрсететін құжат.
Өзектілік. Жерді қашықтан зондылау материалдарын бірнеше күннен бірнеше аптаның ішінде орындалатын уақытты қоса, түрлі күндер үшін алуға болады.
Масштабтылық. Қазіргі заманғы аспаптар ауданы едәуір аумақтардың анықтығы жоғары суреттерін бір мезгілде түсіруге мүмкіндік береді.
Аумақпен шектелмеу. Суретке түсірілетін жерлер мемлекеттік және аумақтық шекаралармен шектелмеген, оларды суретке түсіру үшін рұқсат алу қажет емес.
Көп спектрлік суретке түсіру пайдаланылатын заманауи технологияларды пайдалану пайдалы қазбаларды іздеу аудандарын шектеудің есебінен болжау және іздеу жұмыстарының өзіндік құнын едәуір төмендетуге, геологиялық барлау жұмыстарының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Суреттер геологиялық карталарды өзекті ету және пайдалы қазбаларды болжау және іздеу жұмыстары жүргізілетін ауданды шектеу мақсатында жаңа геологиялық-құрылымдық ақпарат алуға және бар ақпаратты толықтыруға мүмкіндік береді. Қашықтан зондылау материалдары қол жетімді және аса қымбат емес болғандықтан да оларды аумақтардың ресурстық әлеуетін бағалау кезінде пайдалану тиімді.
Жерді қашықтан зондылаудың барынша тиімді қолданылуы:
- жерде зерттеу үшін бару қиын аумақтарда;
- түрлі учаскелерді бір мезгілде бақылау қажет кезде;
- ауданы едәуір аумақтарды тұтас зерттеу үшін.
Картаға түсіру кезінде Жерді қашықтан зондылау материалдары екі бағытта қолданылады:
- геологиялық құрылымдарды картаға түсіру;
- минералдар мен тау жыныстарының спектрлік қасиеттерін зерттеу.
Ғарыштан түсірілген суреттерден ірі өңірлерде кеннің молдығын және нақты аудандарда белгілі бір минералдардың шоғырлануын көрсететін тектоникалық жарықтар анық көрінеді. Көптеген линименттер жер қыртысының «жасырын» жарықтарын анықтауға негіз болады. Ландшафттардың алуан түрлі сақиналық құрылымдары көбінесе кенді аудандар, түрлі кендердің тораптары мен орындары байланысты болатын мантиялық «қауырсындардың», тектоникалық-магмалық белсенділік ошақтарының, граниттік-гнейстік күмбездердің, жанартау генезисі құрылымдарының орналасуын көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттерде жер бетінің түсі мен тонының өзгерістері, өсімдік жабынының құрылымындағы айырмашылықтар термалдық және гидротермалдық учаскелерді көрсетеді. Қазірге кезде Компанияның үш департаменті Қазақстан аумағының масштабы 1: 200 000 болатын 15 планшеті бойынша геологиялық ақпарат алу үшін ғарыштан түсірілген суреттерді өңдеу және түсіндіру жұмыстарын орындады. «Қазмырыш» ЖШС үшін «Геологиялық барлау жүргізілетін аумақтарда қашықтан зондылаудың анықтығы орташа деректерін өңдеу, геологиялық карталарды векторлау» жобасы бойынша осындай жұмыстар орындалды. Осы жұмыстарда құрылымдық дешифрлеу үшін WorldView-3 ғарыштық аппаратынан алынған анықтығы 0,3 м суреттер пайдаланылды. Түрлі тау жыныстарын картаға түсіру үшін анықтығы 7,5 м SWIR (ShortWave Infrared Range) спектрлік диапазондары пайдаланылды. Деректерді өңдеудің кейбір нәтижелері түрлі тау жыныстарының карта-маскалары түрінде берілді.
«Terra Exploration» ЖШС біліктілігі жоғары мамандары алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік технологияларды пайдалана отырып, жер қойнауын пайдалану саласында көрсетілетін қызмет түрлерін көбейтуге және олардың сапасын жоғарылатуға тырысуда.