«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Табиғатты қорғау саласындағы және экологиялық жобалауЕрекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы жобалау

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы жобалау

«Terra Exploration» ЖШС экология саласындағы компания ретінде өзінің Қазақстан табиғатының бірегей орындарын, ландшафттарының, экологиялық жүйелерінің, флорасы мен фаунасының алуан түрлілігін сақтау үшін жауапкершілігін түсінеді.

Осыған байланысты компанияның ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімі түрлі мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) жүйесін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға зор көңіл бөледі.

Олар қазір бар мемлекеттік табиғи қорықтарды, ұлттық және өңірлік табиғи парктерді, қорық аймақтарын және дендрологиялық парктерді кеңейту және жаңаларын құру жобалары.
 

Толығырақ

Жобалар мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде және халықаралық қорлар мен ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады. Компания осы бағыттағы көптеген жұмыстарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті және оған бағынысты ұйымдар (қорықтар, ұлттық парктер, «Охотзоопром») ұйымдастырған бойынша тендерлер арқылы орындады. Осындай жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің Істер басқармасы («Бурабай» ұлттық паркі бойынша), облыстық және қалалық әкімдіктердің тиісті бөлімшелері, ПРООН-Қазақстан, Бүкіл әлемдік табиғат қорғау қоры (WWF), Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау бойынша қауымдастық, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі сияқты ұйымдар үшін дайындалды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жобаларға заңнамада белгіленген келесі құжаттар мен материалдарды дайындау және келісілу кіреді:

  • қазір бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуді немесе жаңаларын құруды табиғи-ғылыми негіздеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың төлқұжатын дайындау, жобалық аумақтың тақырыптық (ландшафттық, экожүйелер, топырақ, өсімдіктер, флора мен фаунаның сирек түрлерінің таралуы) карталарын жасау, ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін жерлерді резервтеу рәсімі;
  • қазір бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуді немесе жаңасын құруды техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭН), жерлерді бөлудің жерге орналастыру жобасы, инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары, картографиялық материалдар (аумақты қызметтік аймақтарға бөлу, инфрақұрылым нысандарын, туристік бағыттарды орналастыру карталары);
  • техникалық-экономикалық негіздемені инфрақұрылымның бас жоспарының мерзімі өтуіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа себептерге байланысты түзету;
  • республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықшалар мен мемлекеттік қорықтық аймақтарды жабуды және олардың аумақтарын азайтуды табиғи-ғылыми негіздеу;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін ерекше жағдайларда қор жерлеріне ауыстыруды техникалық-экономикалық негіздеу;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспары;
  • аңшылық шаруашылықты жүргізу жоспары (ұлттық парктер мен табиғи резерваттар үшін);
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы атмосфералық ауаның сапасын экологиялық бақылау

Осы құжаттардың барлығы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген ережелерге сәйкес дайындалады. Табиғатты қорғауды жобалау ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және жақын аумақтардағы көптеген далалық зерттеулер арқылы жүргізіледі. Оларға тақырыптық карталар жасау үшін жан-жақты ландшафттық, топырақтық, геоботаникалық зерттеулер, флора мен фаунаның, әсіресе олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерінің популяцияларын, таралуларын, бірегей орман, су, батпақ және басқа экологиялық жүйелердің жағдайын зерттеулер кіреді. Бұл аумақты қызметтік аймақтарға бөлу, атап айтқанда қорықтық тәртіптемеде қорғалатын аймақтарды белгілеу үшін аса маңызды.

Компания 1999 жылдан бері Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары бойынша 100 аса жоба дайындады. «Terra Exploration» ЖШС жобалары бойынша Алтын Емел, Шарын, Бұйратау ұлттық табиғи парктері, Сырдария-Түркістан өңірлік паркі, «Алтын Дала» табиғи резерваты, «Қызыларай-Бегазы» тарихи-мәдени және табиғи қорығы, «Оңтүстік Алтай» кешенді қорықшасы, Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі құрылды. Компания Қазақстанның барлық 11 ұлттық паркі, «Семей орманы» және «Ертіс орманы» табиғи резерваттары үшін туризмнің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын (ТЭН түзету жобаларын) дайындады.

Компания көптеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атап айтқанда Баянауыл, Шарын, Іле-Алатау, Бурабай ұлттық парктерінің, Барсакелмес, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтарының, Андасай зоологиялық қорықшасының аудандарын едәуір үлкейтуге мүмкіндік берген жобалар орындады.

Компания жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: Тарбағатай және Түркістан ұлттық парктерін, Іле, Жайық, Ертіс өзендерінің жайылмаларында, Арал теңізінің құрғап кеткен түбінде мемлекеттік табиғи орман резерваттарын, Қызылқұм қорықшасын, Маңғыстау мемлекеттік қорық аймағын құру, Барсакелмес қорығының аумағын кеңейту үшін барлық қажетті құжаттар дайындады.

 Тек «Terra Exploration» ЖШС жобаларының арқасында 2000 жылдан бері Қазақстанның ЕҚТА ауданы 2,3 млн. гектарға ұлғайды, жалпы ауданы 7,1 млн. гектар болатын жаңа ЕҚТА құру үшін толық құжаттар дайындалды. Бұл Компанияның тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің табиғаты мен биологиялық алуан түрлілігін қорғауға және сақтауға қосқан үлесі.
Осы жұмыстардың барысында Компания мамандары жекелеген түрлердің және экологиялық жүйелердің жағдайын бақылаудың жаңа әдістемелерін дайындады. Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және басқа да аумақтарда пайдаланылады.

«Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС дайындаған әдістемелердің тізілімі:

  1. Іле-Алатау, Көлсай көлдері ұлттық парктерінің аумағында тексерілген және ҚР АШМ Орман шаруашлығы және жанауарлар әлемі комитеті бекіткен «ЕҚТА-да рауалы туристік-реакрациялық сыйымдылықты және рауалы реакрациялық жүктемелерді бағалау әдістемесі»;
  2. «Kazakhstan Ecology Development» ЖШС-мен бірге дайындалған және «Баум бауы» мемлекеттік табиғи ескерткішін қайта құру жобасында тексерілген «Жасыл желектерді бір-бірлеп түгендеу және деректерді ГАЖ-ға енгізу әдістемесі»;
  3. Ақтөбе облысында сәтті тексерілген «Қашықтан зондылау технологияларын және ГАЖ пайдаланып ауданы үлкен орман алқаптарында түгендеу жүргізу әдістемесі»;
  4. Ақтөбе облысында сәтті тексерілген «Қашықтан зондылау деректерін пайдаланып жерлердің шөлденуін және азып-тозуын бағалау әдістемесі»;
  5. Алматы облысының Райымбек ауданында тексерілген «Қашықтан зондылау деректерін пайдаланып жайлымдардың азып-тозуын бағалау әдістемесі».
«Terra Exploration» ЖШС жануарлар әлемінің жағдайы мен санын бағалаумен байланысты 34 жоба орындайды. Олардың ішінде нәтижесінде «Аңшылық шаруашылықты жүргізу жоспары» және «Жануарлар әлемін пайдалануды биологиялық негіздеу» дайындалған аңшылықты жайғастыру бойынша 27 жоба бар. Компания Бүкіл әлемдік табиғат қорғау қорының (WWF) Оңтүстік Балхаш жолбарысын қайта жерсіндіру бағдарламасын іске асыруына қолдау көрсетуде.

Компанияның ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінде ғылыми дәрежелері бар мамандар жұмыс істейтін болғандықтан, барлық зерттеулер жоғары деңгейде және басқа бөлімдермен ынтымақтастықта орындалады. Бұл жобаларды, атап айтқанда ГАЖ және қашықтан зондылау технологияларын іске асыру кезінде жаңа тәсілдемелер дайындауға және енгізуге, жұмыстарды орындау мерзімдерін едәуір қысқартуға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Зерттеулерді олардың нәтижелерін қолданысқа енгізуге міндеттемейтін ғылыми бағдарламалар мен гранттар бойынша орындайтын ғылыми-зерттеу институттарымен салыстырғанда, біздің Компанияның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері қосымша рәсімдерсіз, бірден қолданысқа енгізіледі. Себебі, ол нәтижелер өндірістік және басқа да жобаларды іске асыру кезінде нақты мәселелерді шешу барысында алынған.

Бөлім мамандары ұлттық парктердің, қорықтардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға табиғатты қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемелері және заманауи технологияларды пайдалану мәселелері бойынша кеңестер беріп отырады.
 
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56