«Terra Exploration» ЖШС экологиялық жобалау және нормалау саласында қызметтер көрсетеді.
Экологиялық жобалауға белгілі бір өңірдегі қандай да бір кәсіпорынның өндірістік қызметінің қоршаған ортаның жағдайына әсерін талдау, болжау, негіздеу, жоспарлау және бағалау кіреді.
Экологиялық норамалау қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шаралары немесе құралдары ретінде пайдаланылады және Қазақстан Республикасының Экологиялық, Жер, Су, Орман Кодекстерімен реттеледі. Экологиялық нормативтерді дайындау және қабылдау табиғатты қорғау қызметінің аса маңызды бағыттарының бірі.
Толығырақ
Компания келесі қызметтерді жедел және кәсіби деңгейде орындайды:
- жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша жобалар – қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобалары, қоршаған ортаға әсерді бағалау жобалары, жобалардың «Қорашаған ортаны қорғау» бөлімі;
- қоршаған ортаға әсерді бағалау жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды дайындау және өткізу;
- «Эра» атмосфераның ластануын есептеудің сәйкестендірілген бағдарламасы» бағдарламалық кешенін пайдаланып шекті рауалы тасталымдардың нормативтерін есептеу;
- жобалық аумақтарды есептеу үшін тақырыптық карталар жасау;
- рұқсат беретін экологиялық құжаттарды – Эмиссияларға өтінімді, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын, Қоршаған ортаны қорғау шараларының жоспарын, Қалдықтарды басқару бағдарламасын дайындау;
- өндірістік экологиялық бақылау жүргізу;
- өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу;
- жоспарланған шаруашылық қызмет аумағында фондық экологиялық зерттеулер бағдарламасын дайындау және жүргізу;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне теріс әсерін азайтудың кешенді бағдарламаларын дайындау.
Компания мамандары жобалардың келісілімдер мен мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуінің барлық кезеңдерінде қызмет көрсетеді, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады және өткізеді.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау жобалары нәтижелерінің шынайылығына далалық фондық экологиялық кешенді зерттеулер жүргізу арқылы қол жеткізіледі. Компанияның фондық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі мол, жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге дайындалған біліктілігі жоғары мамандары, қажетті қондырғылары мен жабдықтары бар.
|