«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Аэроғарыштық аппараттарға орнатылған, спектрлік диапазондары әртүрлі датчиктердің көмегімен алынған қашықтан зондылау деректері шынайы, алынуы жедел және көп ақпарат бере алады. Сондықтан, осы деректер табиғи ортаны және антропогендік нысандарды бақылау үшін тиімді пайдаланылады. Жерді қашықтан зондылау деректері пайдаланылатын аса маңызды бағыттар: табиғи ресурстарды және жер қойнауын зерттеу, табиғи және антропогендік апаттарға мониторинг жүргізу, экологиялық мониторинг жүргізу.

Табиғи ортаны кешенді, өзара байланысты зерттеу үшін ақпарат алу мақсатымен ғарыштан түсірілген суреттерді дешифрлеу кезінде тақырыптық өңдеу деп аталатын арнайы әдістер пайдаланылады. Тақырыптық өңдеуге суреттерді талдау, нысандарды жіктеу сияқты түрлі рәсімдер кіреді. Ғарыштан түсірілген суреттерді тақырыптық өңдеудің нәтижелері тиісті аумақтағы табиғи және шаруашылық нысандарының кеңістікте орналасуын, мөлшерлік сипаттамаларын көрсететін өзара келісілген тақырыптық карталар сериясы түрінде берілуі мүмкін.

ALOS ғарыштық суретін басқарылатын жіктеу әдісімен топырақтардың тұздануының карта-маскасын жасау (суретке жазба)

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56