«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Жерді қашықтан зондылау

Жерді қашықтан зондылау

«Terra Exploration» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы жерді қашықтан зондылау деректерін жеткізуден бастап тақырыптық өңдеуге дейінгі барлық қызметтерді көрсететін көшбасшы компания.

Компания ғарыштық бағдарламалардың DigitalGlobe, Airbus Defence and Space, Elecnor Deimos Imaging, Planet сияқты жетекші операторларының әріптесі. Біз Қазақстандағы және Орта Азиядағы клиенттерімізге әлемдегі Ikonos, GeoEye-1, QuickBird, WorldView-1/2/3, Deimos 1/2, Pleiades, Spot, Aster, Landsat сияқты ғарыштық аппараттардан (жер серіктерінен) алынған, анықтығы әртүрлі суреттерді ұсынамыз.

Компания қашықтан зондылау технологияларын тақырыптық топографиялық карталарды жасау және жаңарту, табиғи аумақтық кешендердің қазіргі және бұрынғы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметтің әр түрлерін жоспарлау және жобалау үшін пайдаланады.
Соңғы жылдары жерді қашықтан зондылау деректерін пайдаланудың жаңа бағыты қарқынды дамуда. Компания спектрлік әдістерді тау жыныстарын картаға түсіру, кен орындарын және көмірсутек шикізатының кен орындарын іздеу, жер бетіне шығып жатқан геологиялық денелердің шекараларын нақтылау, түрлі қауымдастықтардың кеңестікте орналасуын, сызықтық құрылымдары анықтау сияқты бағыттарда геологиялық зерттеулер жүргізу үшін қолданады.
Компания қашықтан зондылау деректерін қолдану саласын үнемі кеңейтіп келеді, сапасы жоғары ақпараттық өнімдер алу мақсатымен жаңа әдістемелер дайындайды. «Terra Exploration» ЖШС инновациялық әдістердің және әлемдік жетекші компаниялармен ынтымақтастықтың арқасында жерді қашықтан зондылау саласындағы қызметтердің көптеген түрлерін көрсетеді. Біз клиенттердің мүдделері мен сұраныстарын ескере отырып, ең алдымен сапа мен кәсіби шеберлікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұл Компания қызметтерінің осы салада тұрақты сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
 

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56