«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Алынған суреттерді негізгі өңдеудің алдында оларды алдын ала өңдеу қажет. Алдын ала өңдеуге геометриялық, радиометриялық және атмосфералық түзетулер кіреді

Геометриялық түзету – Жер бетін төменге бағытталған аппараттан түсірген суреттің тек ортасы ғана анық болатындығымен байланысты геометриялық қателерді түзетеді. Суреттің шетіне қарай ондағы қашықтықтардың Жердегі тиісті қашықтықтардан айырмашылықтары арта береді. Ондай қателер фотограмметрия барысында түзетіледі..

Радиометриялық түзетуге түзетудің екі түрі кіреді:

  • пайдаланылатын аспаптың сипаттамаларына байланысты қателерді радиометриялық түзету;
  • күн сәулесінің түсу бұрышына және рельефтің формаларына байланысты қателерді радиометриялық түзету.

Атмосфералық түзету атмосфераға байланысты қателіктерді түзетеді..

Суретті алдын ала өңдеу барысында деректерден жүйелік радиометриялық және геометриялық қателер алынып тасталады. Суреттің сапасын жақсарту оны көзбен қарап және автоматты талдау үшін барынша қолайлы формаға түрлендіруге мүмкіндік береді және суреттің маңызды белгілерін көрсету және деректерді түсіндіру үдерісін жеңілдету үшін пайдаланылады.

Жерді қашықтан зондылау деректері өңделген соң оларды сапалы картографиялық өнім жасау, топографиялық негізді жаңарту үшін пайдалануға болады.
 

Атмосфералық түзетуге дейінгі және одан кейінгі сурет (суретке жазба)

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56