«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

2008 жылдың 29-тамызында Байқоңыр космодромынан бортында бес RapidEye жер серігі бар «Днепр» (РС-20) зымыраны ұшырылды.

RapidEye ғарыштық аппараттарын Германия Ғарыштық агенттігінің тапсырысы бойынша Ұлыбританияның Surrey Satellite Technology LTD (SSTL) компаниясы мен Канаданың MacDonald, Dettwiler and Associates Ltd (MDA) компаниясы жасады. Жердің бір аумағын түсірудің кезеңділігі 24 сағат. Жер серіктерінің қызмет мерзімі 7 жыл. Олар күніне ауданы 4 млн. км2 аумақтан анықтығы 6,5 метр болатын деректер жинай алады. Үш айналы анастигматик болып табылатын REIS жүйесі Жер бетін 5 спектрлік диапазонда суретке түсіруге мүмкіндік береді. Өсімдік жабынының жағдайын бақылауға және өлшеуге red-edge (шеткі қызыл) бірегей арнасы аса қолайлы. 2015 жылы Planet компаниясы BlackBridge компаниясын сатып алып, Rapid Eye жер серіктерінің операторы болды.

Техникалық сипаттамалары

Тәртіптемелер Көп спектрлік
Спектрлік диапазон, мкм көк: 0,44–0,51
жасыл: 0,52–0,59
қызыл: 0,63–0,69
шеткі қызыл: 0,69–0,73
жақын ИҚ: 0,76–0,85
Кеңістіктік анықтығы, м 6,5
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель 12
Түсірім жолағының ені, км 77
Қайта түсіру аралығы, тәулік 1
Стереожұп алу мүмкіндігі жоқ

 

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56