«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Pleiades High Resolution бағдарламасы Еуропалық Жерді қашықтан зондылау жүйесінің бір бөлігі, ол 2001 жылдан бері Францияның CNES ғарыштық агенттігінің басшылығымен жүзеге асырылуда.

Оған 694 км биіктікке 2011 жылдың 16-желтоқсанында шығарылған кеңістіктік анықтығы өте жоғары Pleiades-1A және 2012 жылдың 2-желтоқсанында шығарылған Pleiades-1B жер серіктері кіреді. Осы ғарыштық аппараттар бір айналымда стереожұптар мен триплеттер, сондай-ақ ауданы 100 км2 аумақты суретке түсіре алады. Екі жер серігі жер бетінің бір учаскесін күн сайын суретке түсіре алулары үшін бір орбитаға орналастырылған. Олар кез-келген жерде ені 800 км жолақты 25 секундта суретке түсіре алады. Жер серіктерінің географиялық жайғасу дәлдігі жердегі тірек нүктелерін пайдаланбай 3 метрден аз және жердегі тірек нүктелерін пайдаланып 1 метр. Pleiades-1A және Pleiades-1B жер серіктерінің операторы Airbus Defence and Space компаниясы (Франция).

Техникалық сипаттамалары

Тәртіптемелер Панхроматиялық Көп спектрлік
Спектрлік диапазон, мкм 0,48–0,83 көк: 0,43–0,55
жасыл: 0,49–0,61
қызыл: 0,60–0,72
жақын ИҚ: 0,79–0,95
Кеңістіктік анықтығы (надирде), м 0,5 2,0
Надирден ең көп ауытқу, град 50
Географиялық жайғасу дәлдігі, м CE90 = 4,5
Түсірім жолағының ені, км 20
Түсірімнің өнімділігі,
млн.км2 / тәулік
1 тәуліктен көп
Түсірімнің кезеңділігі, тәулік Тәулігіне 1 рет (түсірім жолағының еніне байланысты)

 

+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56