«Terra Exploration» ЖШС
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

NextMap деректер қоры пайдаланушыларды бүкіл Жер шары бойынша географиялық кеңістіктік ақпаратты дәл талдау үшін алдыңғы қатарлы технологиялардың көмегімен жиналған, рельефтің суреттері өте анық сандық модельдерімен қамтамасыз етеді. Деректер қорын дайындаған Intermap компаниясы (АҚШ).

NextMap деректер қоры ISESatа тиімді өңдеудің есебінен дәлдікті жақсартып, ғарыштан түсірілген суреттерді және рельефтің SRTM, ASTER GDEM2, GTOPO30 сандық модельдерін біріктіру арқылы жасалған.


NextMap деректер қорының құрамы:
 

  • жердің табиғи рельефі, өсімдіктер жабыны және жасанды нысандар кіретін сандық моделі (DSM). Ұяшығының өлшемі 5 м. Биіктік бойынша абсолюттік дәлдігі: еңістігі 10% аз ашық учаскелер үшін 1 м RMSE (1,65 LE90). Дәлдік деректер көзіне және аумаққа байланысты өзгеріп отырады;
  • рельефтің сандық моделі (DTM) немесе бос жердің моделі тек жердің табиғи рельефін қалдырып, өсімдіктер мен жасанды құрылыстарды алып тастау үшін DSM моделін қолмен редакциялау арқылы жасалады. Ұяшығының өлшемі 5 м. Биіктік бойынша абсолюттік дәлдігі: еңістігі 10% аз ашық учаскелер үшін 1 м RMSE (1,65 LE90). Дәлдік деректер көзіне және аумаққа байланысты өзгеріп отырады;
  • орто түрлендірілген, өте анық радиолокациялық суреттер (ОRI (orthorectified radar image)). Оптикалық суреттерден айырмашылығы оларды бұлттылыққа қарамастан алуға болады. Нысандарды нақтылау үшін тиімді. Анықтығы 0,625 м. Горизонталдық дәлдігі 3 м CE90.

Рельефтің NextMap сандық моделінің екі нұсқасы бар: NextMap World 10™ және NextMap World 30™. Олар Жер бетінің ауданы 150 млн.км2 болатын бүкіл аумағын қамтитын коммерциялық өнімдер.

NextMap патенттелген технолгиясын пайдаланып
ASTER, GDEM сияқты ресурстардан алынатын стандартты деректерге тән бос жерлерді толтырады және қателіктерді түзетеді. Нәтижесінде қол жетімді бағаға рельефтің сапасы аса жоғары жаһандық сандық модельдері алынады.


+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 385-47-56